Ресейлік азамат есірткімен ұсталды
«Қайрақ» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері Қарабалық аудандық ІІБ бірлесіп, маршруттық автобустың жолаушысы 47 жасар Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Шекаралық бақылау жүргізу барысында аталмыш ер адамда полиэтилен орамалардағы, жалпы салмағы 145 грамм болатын «гашиш» есірткі заты табылды. Оны ол беліне скотчпен жабыстырып алып, жасырмақ болған.
Құрыққа түскен жолаушы Челябі облысының Кременкуль ауылының тұрғыны екендігі анықталды. Қостанайға анасына қонаққа келген. Есірткіні көшеде тауып алған ресейлік өзімен бірге ала кетпек болған екен.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ресейлік азамат қамауға алынды.