Теміржолда тежеліс көп…

Күзетілмейтін теміржол өткеліндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан тепловоз "КамАЗ" автокөлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті.
"Қазақстан теміржолы ҰК" АҚ"Қостанай бөлімі Арқалық филиалының бас инженері Жасұлан Бекжановтың айтуынша бұл оқиға сәуірдің алғашқы күнінде "Арқалық – Шұбаркөл" учаскесінің "Нұрдала – Дорожный" учаскесінің күзетілмеген теміржол өткелінде орын алған. Локомотив бригадасы ПК 2 "Нұрдала – Дорожный" учаскесінің 406 шақырымында орналасқан те-міржол өткеліне жақындағанда күзетілмейтін теміржол өткелінің оң жағында "STOP" белгісінде тұрған жүк көлігін көреді. Тоқтап тұрған "КамАЗ" жүк көлігін көрген пойыз жүргізушісі ды-быстық белгі беріп, белгіленген жылдамдықпен қозғалысты жалғастырады. Локомотив теміржол өткеліне жақындағанда, тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігі ды-быстық белгілерді елемей, өткелге қарай жүреді.
Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнгенін көрген пойыз жүргізушісі шұғыл тежегішті қолданды, бірақ арақашықтық аз бол-ғандықтан апаттың алдын алу мүмкін болмады. Соқтығысу нәтижесінде TE33A №0145 тепловозы қозғалыс бағыты бойынша жол көлбеуінің сол жағына бүйірінен аударылып, рельстен шығып кетеді. Қатты соққыдан автомобиль өткелдің сол жағына, ал тіркемесі оң жағына құлайды. Абырой болғанда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. КамАЗ көлігінің жүргізушісінің түсініктемесі бойынша, ол бағдаршамның қызыл жарығында жақындап келе жатқан локомотивті көрмеген және дыбыстық сигналды естімеген. Темір-жолға қатысты осындай жол-көлік оқиғасы жыл басында "Есіл-Арқалық" бағытында да орын алған. Сондай-ақ, жол апатына көп жағдайда теміржол бойында иесіз жайылатын малдар да себеп болады. №3002 "Шұбаркөл-Арқалық"жүк пойызы ПК-7 "Шұбаркөл-Дорожный" жолында үйірлі жылқымен соқтығысып қалмас үшін шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болды. Алайда, мұнда да апаттың алдын алу мүмкін болмады. Локомотив соққысының салдарынан 5 жылқы өлген.
Арқалық желілік полиция бө-лімінің басшысы, полиция майоры Марат Борановтың мәліметінше, 2020 жылы пойыздар 35 шұғыл тежелуге мәжбүр болған. Оның 33-і қараусыз малдың теміржол үстіне шығуынан.
Құзырлы органдардың өкілдері қараусыз малдың иелері ҚР Әкімшілік кодексінің 559 бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оларға 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓