Қош, балақай!
@pomogitearuzan Инстаграм аккаунтының парақшасында ауыр дертпен арпалысқан 4 жасар Аружан Нұржанова көз жұмғаны туралы мәлімделді. Ол Қостанай облыстық балалар ауруханасында 11 қазанда қайтыс болды, – деп жазады Алау.кз тілшісі.Аяулы қыздың тағдырына көптеген қазақстандық тілеулес болып, үнемі жанашырлықпен қадағалап отырып еді. 2017 жылы балақайға саркома (сүйек обыры) диагнозы қойылған болатын. Ата-анасы шарқ ұрып қайырымды жандардан көмек сұрады. Мейірімді, қолы ашық адамдар материалдық жәрдем көрсетті де. Аружанның Германияға ем алуға баруы үшін 95 мың евро жиналды.
Баланың анасы Германиядағы емнің қалай жүріп жатқандығы туралы аккаунтта үнемі бөлісіп отырды. Аружан да барлық дауа амалдарын табанды қабылдады. Жанашыр жұртшылық та ұдайы қолдап, тез жазылып кетуіне тілекші болды. Байғұс ана да көпшілікті көп күттірген жазбаны 28 қыркүйекте жария етті.

"Қымбаттылар, қадірлі адамдар!!! Баршаңызға рахмет!!! Бүгін дәрігермен әңгімелесіп, БӘРІ ОЙДАҒЫДАЙ деген жауап естідік!!! Аружан ремиссияда!!! Жаратушыға мың алғыс, біздің мінәжатымыз қабыл болды!!! Бізге мүмкіндік әперген сіздерге көп рахмет! Алғысымыз шексіз!!! Бүгін мен қуаныштан, бақыттан жылап отырмын! Өзіміз де бұған сенер-сенбесімізді білмей жүрміз. Сіз бен біз болып, біріксек күш екенімізді, обырдың үкім еместігін дәлелдедік! Сол үшін әрқайсыңызға рахмет, рахмет, рахмет! Бізді енді тағы бір шағын ота күтіп тұр. Онда порт шешіліп, дәрігерлердің айтуы бойынша, сол шарадан соң үйімізге қайтамыз. Алғашқы жылы әр үш ай сайын тексерістен өтіп отыруымыз керек. Оның қалай өтіп жатқандығы туралы сіздерді хабардар етіп отыруға уәде береміз! Тағы да сіздерге АТА-АНАЛЫҚ АҚ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ айтқымыз келеді!!!" (орысшадан аударылды)
Бұл жазбаны оқыған халық тәубе десті, лебіздерін айтып, ата-ананың қуанышын бөлісті. Отбасы да көп ұзамай үйлеріне, Федоров ауданына оралды. Кейін анасы Аружанның халі нашарлағанын аккаунтта жазды. Балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
"Сәлеметсіздер, қымбатты достар❤!!! Келгелі бері үйде Аружан ауыр тыныстап жүр. Аудандық ауруханаға бардық, анализ тапсырдық, бәрі қалыпты екеніне қол жеткіздік. Бірақ қызымыз өте әлсіз, көп уақыт бойы ұйықтай береді, ауыр дем алады, жүрегі сиректеп соғады, бірер күн соны бақыладық, оңалар түрі көрінбеді. Содан кейін облыстық ауруханаға келдік. Бізді орналастырып, анализ алды, кеудесін рентгенге түсірді, педиатр, онколог-гематолог, оташы, реаниматолог қарады, әзірге ештеңе айтқан жоқ. Анализі жақсы, температура жоқ. Дәрі тамызғыш орнатты. Әзірге жата тұрамыз. Қалай дегенмен кішкентай баланың ағзасы өздігімен бұл барлық ауыртпашылықты көтере алмайды ғой. Қызымның жуырда-ақ жазылып кетеріне сенемін!"– деп жазды анасы инстаграмда.11 қазанда қаршадай қыз бақилық болды.

"Баланың жағдайының нашарлауына, негізінен, онкологиялық процесс, ауыспалы ем-дом әсер етті. Соңғы химия терапиясы қыркүйекте жасалды,ол шамадан асып кетті. Сараптама жүргізілуде", – дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий.
Азалы отбасыға қайғырып көңіл айтамыз.
Азалы отбасыға қайғырып көңіл айтамыз.
Жаның жәннатта болсын, ботақан!