Күзетшіден кәсіпкерге айналды

Жалғызбасты анаға отбасын асырау оңай емес. Бірақ, Алмагүл ешқашан мойыған емес. Балаларын қатарынан кем қылмау үшін күзетші болып та жұмыс істеді. Бүгінде көп балалы ана  Сарыкөл ауданындағы Урожайный ауылында тұрады.  
Отбасындағы алты баланың үлкені он алтыда, кішісі төртте. Екеуі жиені. Оларды Алмагүл балалар үйінен алып қалды. Бәрі бір ананың баласындай, бір-біріне бауыр басқан. Үлкендері анасының шаруасына көмектеседі.
«Күзетші болып жұмыс істеген кезде ептеп қиын болды. Балаларды тастап кетуге  қорықтым. Содан кейін «Бастау Бизнес» курсы туралы естіп, бағымды сынап көруді жөн көрдім. Облыстық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалында бизнес-жоспар жасауға көмектесті. Сөйтіп, 500 000 теңгеге екі  сиыр сатып алдым. Бұл үлкен көмек, ең бастысы – мен қазір балаларыммен біргемін.  Үлкен қыздарым шаруашылыққа  көмектеседі, мал қораны тазалайды. Жазда малды өздері  бағады. Бұрынғыдай ешкімге ақша төлемейміз», – дейді кәсіпкер.
Алдағы уақытта  ол  сүт тапсырып, сүзбе жасауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек Алмагүлдің бес қойы бар. Келешекте ол түлікті өз төлінен көбейткісі келеді.
«Келешекте кішігірім кәсібімді кеңейтуді жоспарлап отырмын. Қой өсірудің пайдасы бар. Сондықтан, тағы қой сатып алғым келеді. Биыл мемлекеттен жеңілдетілген несие алуға тырысамын», – дейді Айгүл Дауылбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓