“Дублер күні” жалғаса береді

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруы нәтижесінде салалық басқарма басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерінің қатысуымен "Дублер күні" одан әрі жалғасын табуда. Осы игі бас-таманы өткізу туралы облыс әкімі Нұралы Садуақасов бекітіп, әр басқарма басшысын тікелей қатысуға шақырған-ды. Бұл жолы "Қостанай таңы" басылымы мен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қазбек Төлебаев бірлесе отырып іске кірісті. Осы жолдардың авторы аталмыш басқармаға барып, ондағы қызметкерлердің қаншалықты жұмыс істеп, өңіріміздегі эколо-гиялық мәселелердің қалай реттеліп жатқандарына куә болып қайтты. Қарамағында 11-ге жуық орман шаруашылығы бар бас-қарма биыл 8 млн. түп ағаш отырғызыпты. Сондай-ақ, қазір бас-қарма үшін үлкен науқан басталып жатқан көрінеді. Жаз айларында өрт қауіпсіздігі үшін де әр түрлі тексеріс шаралары жүргі-зіледі екен. Қазбек Қайырбекұлымен болған жарты күн ішінде біз бірнеше жәйттарға куә болдық. Тобыл өзенінің жағасын тазарту жұмыстарын көрдік. Қазбек Төлебаевтың айтуынша,  жаз айы бас-талысымен қала жұртшылығы суға түсу маусымын тағатсыздана күтеді. Бұған дайындықты ерте бастамаса тағы болмайды. Бұл басқармаға облыстық қазынадан биыл 600 млн. астам қаржы бөлініпті. Ол қаржы әлгіндегідей іс-шараларға толығымен жұмсалады екен. Улы-химиялық  қалдықтарды  көму жұмыстарын да тікелей осы басқарманың міндетінде көрінеді. Содан кейін Қазбек Қайырбекұлы редакцияға келіп, мұндағы жұмыс барысымен танысып қайтты.
– Расында да, қай қызметтің де өз ауыртпалығы бар. Мате-риалдардың дайындалып, қорытылуы барысын қадағаладым. Өте қиын екен, – деп Қазбек Төлебаев ағынан жарылды.
Алдағы уақытта бұл игі шара басқа  да  БАҚ  өкілдері мен басқарма басшылары арасында тағы ұйымдастырылады.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓