Қостанай «сары» аймақта
Қостанай облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа көшті. Бұған Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел бола алады.
«Қызыл» аймақта сегіз өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта жеті өңір бар: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстары.
«Жасыл» аймақта екі облыс: Түркістан мен Шығыс Қазақстан.
Бүкіл ел бойынша орташа көрсеткіш Қазақстанды «қызыл» аймаққа жақындатты. Карантин шектеулерінің күшеюі немесе әлсіреуі алдағы жағдайға қарай белгілі болмақ.