Sanaq – 2021: өңірлердегі жағдай

27 қазандағы жағдай бойынша Науырзым (97,5%), Қостанай (95,8%), Федоров (95,2%), Денисов (94,4%), Жангелдин (94,3%) аудандары және Арқалық қаласы (95,7%) ұлттық халық санағында ең белсенді өңірлер болып тіркеліп отыр. Маңызы зор науқанның барысы жайында аймақ басшысының орынбасары Ерлан Спанов өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте баяндады.
«Облыстың төрт өңірі халықты 90%–дан аса қамтуға қол жеткізді (Алтынсарин ауданы – 90,8%, Рудный қаласы – 90,7%, Ұзынкөл ауданы – 90,1%, Амангелді ауданы – 90,0%). Қалған 8 аудан мен қалада халықтың 85%-дан астамы санаққа қатысқан. Қостанай қаласында тұрғындардың 78,7%-ы санақ сұрақтарына жауап берді, олардың 68 мыңнан астамы немесе 27,2%-ы санақ парақтарын өз бетінше толтыру арқылы онлайн режимде санақтан өтуді жөн көрді, санақ персоналының жұмысы жалғасуда», – деді Е.Спанов.
Күнделікті аулаларды аралау үшін санақ персоналы ретінде облыс бойынша 1171 адам тартылған (145 нұсқаушы-бақылаушы және 1026 интервьюер). Сонымен қатар, тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, халық санағы туралы ақпарат Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz Интернет-ресурсында күн сайын жаңартылып отырады.
 
Қ.ҚИЫСХАН

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓