Қамкөңілдерге қамқорлық

Бүгін Арқалық қаласында жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды. Мекемелер «Дара» қайырымдылық қоры мен «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылды.
Қостанай облысы білім басқармасының ақпараты бойынша Арқалық қаласында ерекше білім беруді қажет ететін 560-тан астам бала бар, олардың ішінде 118 баланың мүмкіндігі шектеулі. Бүгінгі таңда ерекше қажеттілігі балаларға тегін көмек беретін арнайы ұйымдардың желісі жеткіліксіз. Арқалық қаласында 376 бала мамандардың кәсіби көмегіне мұқтаж. 
Осыған байланысты Арқалық қаласында жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Орталық – ерекше қажеттілігі бар балалар мен оның отбасына психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, әлеуметтік педагог сияқты мамандар тобының жан-жақты көмегін көрсететін мекеме. Кабинетте қажетті заманауи жабдықтар бар. 
Қызметтер тегін көрсетіледі. Курстар 3 айдан 1 жылға дейін көрсетіледі, қажет болған жағдайда курс ұзартылуы мүмкін. Жылына осындай психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті оқуда ерекше қажеттілігі бар 150 балаға қызмет көрсете алады. 
Осындай орталық Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында ашылып жатыр.
Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы – оқу үрдісінде инклюзия қағидаларын жүзеге асыруда ұстаздарға көмек беру үшін жасалған және білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға мектепте кедергісіз орта қалыптастыру үшін құрылған мектептің бір кеңістігі.
Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті мен Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығының ашылуында Арқалық қаласының әкімі, «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «Дара» қайырымдылық қорының, Қостанай облысы білім басқармасының, Арқалық қаласы білім бөлімінің өкілдері, БАҚ және балалар мен ата-аналар қатысты.
«Мен қаламызда түзету кабинеті ашылғанын білген кезде бірден мамандардан көмек сұрадым. Маған баламмен логопед, дефектолог және психологтың жұмыс істегені ұнайды, ал қызым қазір құрдастарымен сөйлесе алатынына қуанышты. Егер бұрын біз бұл туралы өзіміз алаңдап, өз бюджетімізге сенетін болсақ, енді мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын сезінеміз! Осы мекеменің ашылуына себепкер болған жандардың барлығына зор алғысымды білдіргім келеді» – дейді Айгүл Жұбатқанова есімді қала тұрғыны.
«Ұжымның атынан «Дара» қорына, «Samruk – KazynaTrust» қорының демеушілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасына, Арқалық қаласы әкімінің аппаратына алғысымызды білдіреміз. Оларға стандартты мемлекеттік мекемені заманауи жабдықтармен және дамытушы материалдармен жабдықталған жайлы, жылы бұрышқа айналдыруға қосқан үлесіңіз үшін рахмет», – деді түзету кабинетінің меңгерушісі Рита Қапсемет.
«Дара» қоры 2016 жылдан бастап Қостанай облысында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасын іске асырып жатқанын және осы уақыт ішінде Қостанай қаласында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен қалалық мектеп базасында ашылған көзі көрмейтін және көзі нашар көретін балаларға арналған сынып ашылып, табысты жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓