31 адам дерт жұқтырды
11 сәуірде Қостанай облысында 31 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласында – 17, Рудный қ. – 6, Қостанай және Меңдіқара аудандарында 2 адамнан, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық аудандарында және Арқалық қ. 1 адамнан індет жұқтырған.
22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 11 сәуір аралығында COVID-19-ды 14 192 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 12446.