COVID-19: +60
1 қаңтарда Қостанай облысында 60 адамнан коронавирус табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. – 9, Лисаков қ. – 7, Жітіқара қ. – 5, Қарабалық ауданында – 5, Алтынсарин, Қостанай аудандарында 3 адамнан, Ұзынкөл ауданында 2 адам шалдыққан.
46 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 11 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді. 1 адам Мысырдан келген кезде профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 48 адамда ауру белгілері болды, 12 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 01 қаңтар аралығында COVID-19-дың 7623 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7254.