Қырық адам науқастанды

25 наурызда Қостанай облысында 40 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 20 тұрғыны, Рудный қаласында және Жітіқара ауданында 5-ден, Әулиекөл ауданында – 4, Қамысты және Б.Майлина аудандарында 2-ден, Лисаков қаласында және Денисов аудандарында 1-ден індет жұқтырған.
25 адам емханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 31 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы   25 наурыз аралығында COVID-19-дың  13 591 жағдайы  тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 12 120.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓