Ақпарат шынайы берілгенде ғана ұтымды

IMG_9351Қалалық балалар шығармашылық мектебінің мәжіліс залында облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен дін тақырыбына маманданған журналистерге арнап «Ақпарат кеңестігінде діни тақырыптарды жариялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Астана қаласынан «Казахстанская правда» республикалық газетінің және «E-islam» ақпараттық порталының өкілі Зарина Нокрабекова облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұриқан Нөгербеков және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашқан Нұриқан Нөгербеков еліміздегі татулық, бейбітшілік, дін мәселесін жан-жақты насихаттау мәселесінде IMG_9349бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екеніне тоқталды. «Журналистердің еңбегі арқылы қоғамдық пікір қалыптасатынын жоққа шығара алмаймыз. Десек те, бүгінгі таңда қоғамдағы проблемалар, түрлі рухани мәселелер, әсіресе, БАҚ-та қаншалықты насихатталып, оларға қаншалықты қызығушылық танытылады деген сауал туындауы мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әрбір ақпарат олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беретіндей, рухани қажеттіліктерін өтейтіндей болуы тиіс. Ал бұл ретте олардың қалам тербейтін тақырыптарының бірі – дін саласы. Бүгінгі жиынның тақырыбы, міне, осы мәселеге арналған», деді Н.Нөгербеков.
«Казахстанская правда» республикалық газетінің және «E-islam» ақпараттық порталының өкілі Зарина Нокрабекова діни мәселелердің баспасөзде жазылуы инструменттерімен таныстырып, өзінің журналистік шеберлігімен бөлісті:
IMG_9352– Еліміздегі дін мәселелеріне қатысты ақпараттар барынша шынайы, объективті түрде жеткізілуі керек. Қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыратын негізгі факторлардың бірі – халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру, түрлі теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарының дұрыс жүргізілуі болып қала бермек.
Басқосу аясында оған қаты­сушылар, сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін, дәстүрлі діндердің жас ұрпақ бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі, діни экстремизм және оның алдын алу жолдары сынды мәселелерді талқылады. Бұл ретте, отандық журналистердің дін саласындағы өзекті тақырыптарды қоғамның әрбір мүшесіне түсінікті әрі объективті түрде жариялау жайы сөз болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Астанадан келген қонаққа қоғам назарын аударып жүрген мәселелер бойынша өз сауалдарын қойды.
 
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓