“Біздің Қашар – жайлы қоныс” – дейді кент әкімі Марат Қуанышбаев

DSC04440Жас келсе, іске! Қашар кентін басқарып отырған жас әкім Марат Қуанышбаевтың игілікті істеріне жергілікті жұрт дән риза. Осыдан бір жарым жыл бұрын жауапты қызметіне кіріскен жігіт бүгінде сенім үдесінен шығып, елді мекеннің көркеюіне өзіндік үлес қосуда. Ендеше атқарылған жұмыстар жайлы Марат Серікбайұлымен сұхбаттасудың да орайы келген екен.
– Марат мырза, алдымен, оқырмандарға өзіңізді таныстырып өтсеңіз? Қай жақтың  тумасысыз және қызметтегі өсуіңіз қалай басталды?
– Мен Қамысты ауданында туып-өстім. Ер жеткен соң өз өмірімді алып өнеркәсіп орталығы саналатын "ССКӨБ" АҚ-мен байланыстыруды мақсат тұттым. Еңбек жолым Қашар кен басқармасында бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі қызметінен басталды. Төрт жарым жылдай жұрт қатарлы жұмыс істеп жүріп оқуды да тәмамдадым. Кейін келе басқарма директорының көмекшісі, жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы, кадрлар бюросының бастығы, басқарма директорының орынбасары сияқты лауазымды қызметтерді атқардым. Қай жерде жүрсем де, өзіме артылған міндеттерді жауапкершілікпен орындап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға тырыстым. Осылайша 2011 жылы Қашар кенті округы бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаты, ал 2 жылдан кейін осы жердің әкімі болып тағайындалдым.
– Мемлекеттік қызмет жолын неліктен таңдадыңыз?
– Өз еліңде болып жатқан оқиғаларға, яғни, мемлекет қалыптастыру ісіне не тілектес боласың, не жанкүйер боласың, не өз үлесіңді қосасың. Менің тікелей атсалысқым келді. Рухшыл ақын Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" деген аталы сөзі менің азаматтық ұстанымымды қалыптастырып, мемлекеттік қызметке келуіме себепші болды.
– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Алайда, сіз сияқты қызметте табысқа жеткен жастар қаламызда бірен-сараң ғана. Осыған өз ойыңызды білдірсеңіз…
– Меніңше, қаламызда озық ойлы, болашағынан зор үміт күттіретін жастар жеткілікті. Бүгінде олардың бірі өндірісте өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүрсе, енді бірі мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтауда. Сондай-ақ, оған жас ұстаздарды, дәрігерлер мен мәдениет саласының мамандарын қосыңыз. Барлығы уақыттың еншісінде. Екінің бірі әкім немесе министр болу міндетті емес қой. Абыройлы еңбек етіп қана қоймай, қоғамдық іске белсенді қатысқан жастар түптің түбінде өз мақсатына жететіні анық.
– Енді, қазіргі қызметіңізге оралсақ. Сіз басшы болып келгелі әкімдікке жаңа мамандарды алыпсыз…
– Сайлаудан кейін әкімдіктің штаты 8 қызметкерден 13-ке көбейтілді. Алайда, мұнымен жұмыс жеңілденген жоқ. Әр маманның өздеріне бекітілген міндеттері бар. Бұдан бөлек Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязовтың тікелей қолдауымен бюджетіміз де ұлғайды. Ал берілген қаражаттың әр тиынын өз мақсатына жұмсап, кентті одан әрі өркендету – менің және қызметкерлерімнің басты міндеті.
– Қашар кентінің әлеуметтік-экономикалық өміріне тоқталсаңыз?
– Кент өмірінде "ССКӨБ" АҚ-ның алатын орны өте маңызды. Себебі, мұндағы тұратын 11800 адамның 3 мыңнан астамы Қашар өндірістік алаңында жұмыс істейді. Халықтың күнкөріс деңгейі де жаман емес. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі еңбекке жарамды тұрғындардың 0,2 пайызын құрайды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасының аясында өткен жылы 9 адам сылақшы, слесарь-жөндеу-ші, аспаз, кондитер мамандықтары бойынша дайындық курстарынан өтсе, 21 азаматымыз әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Тағы да 6 жас маман оқу бітірісімен "Жастар практикасына" жіберілді. Олар өз білімі мен біліктілігін дәлелдеп жатса, жұмысқа тұрақты орналасуға мүмкіндік алады.
Кентте 2013 жылдың тамыз айында мешіт, ал қыркүйекте екі қабатты спорт кешені ашылды. Спорт кешенінде волейбол, мини футбол, теннис және фитнеспен айналысуға арналған залдар орналасқан. Жуырда православ храмы да өз есігін айқара ашты. Құрылыстың барлығы ERG мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы Меморандум шеңбе-рінде жүзеге асып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар жақын арада 3-ші шағын аудандағы 55 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Абаттандыру жұмыстарына келетін болсақ, тұрғын үй аулаларын жарықтандыру мен көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асып отыр. Әрқайсысы 20 млн. теңге тұратын екі спорт алаңы мен үш автокөлік павильоны ашылды. Спорт кешені мен мешіт аралығына тас жол төселіп, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер орнатылды. Жолдар жөнделіп, көшеге жағалай баннерлер қойылды. Қаңы-рап тұрған тұрғын үй ғимараттарын коммуналдық меншікке аудару жұмыстары да өз жемісін беруде. Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жер телімі рәсімделіп бітті. Бір сөзбен айт-қанда, атқарылып жатқан жұмыс-тардың ауқымы үлкен. Арқаны кеңге салуға болмайды.
– Шынымен де, Қашар соңғы екі жылда адам танымастай өзгерді. Ал кенттің мәдени өмірінде қандай жаңалықтар бар?
– Былтыр "Качарец" спорт кешенінде алғаш рет 200 адам қатысқан "Қазақ күресі" және "Қашар барысы" ұлттық ойындары өткізілді. Ұлттық мерекелерді тойлауда қазақы салт-дәстү-рімізді дәріптеп, мемлекеттік тілдің кең қолданысқа енуіне барынша жағдай жасалынып келеді. "Юность" мәдениет үйінің қарамағында 300-ден астам адам қатыстырылған 21 клуб пен үйірме жұмыс істейді. "Жүректен–жүрекке" атты жастардың қайырымдылық қозғалысы да құрылып, көптеген игі іс-шараларды ұйымдастырды.
Қашар – Рудныйға бой түзеп келе жатқан жас қала. Келесі жылы 40 жылдық мерейтойы-мызға дайындық жұмыстары осы бастан қолға алынып отыр. Біз кентімізге келген қонақтардың "Қашар кенті керемет екен" деген сөзін естігіміз келеді. Сондықтан осы жолда табанды еңбек етудеміз.
ыввыа– Әкімнің жұмысы мұнымен шектелмейтіні хақ. Қабылдауыңызда болған тұрғындардың мәселесін қалай шешудесіз?
– Менің қиналатын тұсым осы. Өзіңіз білесіз, барлық мәселені бір ауыз сөзбен шешіп тастау мүмкін емес. Жұмыс сұрап келіп жатса бір сәрі, алайда, кейбір азаматтарымыз баспана мәселесін көтеріп жатады. Заң – барлығымыз үшін ортақ. Кезекте тұрған мыңдаған азаматқа қиянат жасап, заңды белшесінен басу – жемқорлық әрекетке жатады. Көбісі ескілікке салынып, барлығы әкімнің қолында деп ойлайды. Шын мәнінде әкім де осы елді мекеннің тең тұрғыны екенін ұмытпағанымыз жөн.
– Жаңа жылдан не күтесіз?
– Президент Н.Ә.Назарбаев "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты ел халқына Жолдауында биыл атқарылар нақты жұ-мыстарды жіпке тізіп берді. Елбасы көрсеткен Нұрлы жолдан таймай, жүктелген жауапты міндеттерді орындауға да кірістік. Ал Жа-ңа жылда еліміз жаһандық дағдарыстың ықпалына қарамай, дамудың даңғыл жолына түсетініне кәміл сенемін. Себебі, Қазақстан –  небір қиын-қыстау кезеңдерді еңсерген қуатты мемлекет.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Қуаныш
   ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓