Жүз мыңға жеттік
Облыс баспасөз арасында ерекше орны бар "Қостанай таңы" газеті заман талабына сай, көштен қалмай бой түзеп, ақпарат ағымының алдыңғы шебінде жүр.

"Қостанай таңы" сайтының тағы бір маңызды ерекшелігі – газетіміздің электронды нұсқасын компьютерден бөлек ұялы байланыс құралы, планшеттен қарау мүмкіндігі қарастырылған. Оқырмандармен кері байланыс орнату мақсатында, сайтымызға тіркелу тетіктері жеңілдетілді. Сайттағы ақпараттарымызбен қаныққан кез-келген адам тілші еңбегіне баға беріп, пікірін қалдыра алады. Сонымен қатар, Facebook, ВКонтакте, МойМир, Twitter әлеуметтік желілерінде газеттің жеке аккаунттары ашылды. Бұл жарияланып жатқан ақпарттардың оқырмандарға кез-келген сәтте қол жетімді болсын деп жасалған істің бір бөлігі ғана.
Міне осындай қолға алынған жұмыстардың арқасында мақтанышпен айтатын тұстарымыз да бар. Соның бірі – біздің газеттің жаңа сайты іске қосылған 5 айға толар –толмас уақытта кіріп-шыққан жалпы оқырмандарымыздың саны жүз мыңға жетті. Бұл қуаныштың басы ғана. Себебі, алда әлі сайтқа қатысты тың жобалар бар. Оған уақыт енші.
Біз, еш нәрсені ойлап тапқан жоқпыз. Қалыптасқан игі дәстүрді жалғастырып, ақпаратымызды оқырманға жедел жеткізудің амалына жүгіндік. Біздің сайтымыз, соның жемісі. Ендеше, әрқашан www.kostanaytany.kz сайтымен бірге болыңыз!
Мешіт Ғазиз
«Қостанай таңы» газетінің Веб-редакторы