Шабытты шалқытқан шарапатты шара
Қостанай Меценаттар клубы өнер, мәдениет, ғылым, журналистика сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсырды. Биыл он алтыншы рет өткізілген бүтін елдегі теңдессіз шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Айта кетейік, конкурста мәдениет және өнер қызметкерлері, шығармашылық ұжым жетекшілері, тілшілер, ақындар, жазушылар, ғалымдар, білім беру саласының қызметкерлері кім үздікті анықтады. «Мирас» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиынның ашылуында сөз сөйлеген облыс басшысы:

– Тобыл-Торғай өңірінде талай тарландар түлеп шыққан. Кешегі өткен ардаларымыздың жеңісті-жемісті жолын жалғайтын жастардың барына қуанамын. Міне, биыл да әр салада озық шыққан шын мықтыларды анықтадық. 2000 жылы елімізде мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Дәл сол жылы өңірдегі шығармашылық иелерін қолдау мақсатында Қостанай Меценаттар клубы құрылған. Осылайша, облысымыздың Атымтай жомарттары мәдениет саласының иелеріне қаржылай қолдау білдіріп келеді. Қостанайдағы осы бастама Мәжіліске дейін жетіп, енді басқа облыстарға үлгі ретінде ұсынылды. Өнер адамдарының еңбегін ескерген қостанайлық кәсіпкерлерге мың алғыс, – деді.
Архимед Бегежанұлы «Мәдени мұра» аталымы бойынша жеңіске жеткен ҚМПИ проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тілеген Ахметов пен танымал айтыскер ақын Айбек Қалиевке «Қазына» сыйлығын табыс етті.






– Бүгін – облыс мәдениеті үшін елеулі күн. Біздің клубтың сыйлығы шығармашылық иелерін шабыттандырып қана қоймай, қаншама таланттың жолын ашады. Бұл бастама дер кезінде қолға алынды. Сондықтан клубқа мүше меценаттардың еңбегін ерекше атап өткен жөн, дей келе, ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ прфессоры, философия ғылымдарының докторы Сапар Қолдыбаевқа «Қазына», философия докторы Қуантар Әлихановқа «Шабыт» сыйлығын ұсынды.









Қасқырбай Қойшыманов.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков.
Тамаша бастама бул! Отаргул апай кушти болыпты!
Розиновты ка4нша жамандасак та, осындай игілікті істерімен танылып жатады. Жастарга бір комек болган екен. Барлыгын куттыктаймын!