Тасқынның алдын алу айрықша бақылауда


«Төтенше және шұғыл шығындарға арналған резервке 814 млн 330 мың теңге бөлінді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 9 мың тоннадан астам инертті материалдар мен 52 мыңнан астам қап дайындап отыр. 162,9 тоннадан астам көлемде жанар-жағар май қоры бар. Тасқын суларды апатсыз өткізу үшін 7 ауданда су тасқыны қаупі бар учаскелерде мұз жару жұмыстары жоспарланған. 1 наурыздан бастап қар жамылғысы мен су тасқыны жағдайын бағалау үшін космониторинг жүргізіліп, аумақтарды аралау жоспарланып отыр, – деді Б.Кәрімов.

5 ақпан мен 5 наурыз аралығында ТЖД қызметкерлері су тасқынына қарсы алдын ала іс-шараларды ұйымдастыру айлығы аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғындар арасында қарды уақтылы шығару, каналдар мен арық жүйелерін тазарту, су тасқыны жағдайында қабылданған шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі күні тасқын және еріген су басуы мүмкін аймақтарда тұрғындар саны 8 417 адамды немесе 2 097 үйді құрайтын 95 елді мекен бар.


