Ерекше флэш-моб

IMG_9343Бүгін Қостанайда ерекше флэш-моб өтті. Өзгеше іс-шараға бір топ IMG_9337мүгедек қатысты.
Аталмыш шара қаламыздағы МАРТ ойын-сауық, сауда кешенінде болды. Оған қырық адам қатысты. Соның жиырмасы мүгедек. Арбаға таңылған адамдар алдымен заманауи шетелдік әуендерге биледі. Артынша қазақтың қара жорғасын нақышына келтіре орындады. Бишілердің арасында жасы да жасамысы да бар. Ерекше шараға қала тұрғындары куә болып, жастар жағы ұялы телефондарымен суретке түсіріп жатты.
IMG_9333-Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның тең құқылы мүшесі екендігін сезінсе IMG_9326дейміз. Олар аяқ-қолы бүтін кез келген адаммен иық тіресе еңбек ете алады. Флэш-мобтың халық көп жиналатын жерде өтуінің өзі тегіннен тегін емес. Арбаға таңылған жандардың билей алатынын халық көріп, көзайым болса деген ниет,-деді «Үміт-Надежда» ҚБ-ның төрағасы Дүйсенғали Оспанов.
IMG_9324Флэш-моб облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік IMG_9323тапсырысы бойынша «Үміт-Надежда» ҚБ-ның ұйымдастыруымен  өтті. Аталмыш қоғамдық бірлестік еліміздегі арбадағы би спортының негізін қалаушы болып есептеледі. Мүгедектер арасындағы арбамен билеу республикалық фестивалі алғаш рет Қостанай облысында өткен болатын.
Қымбат Досжанова                        
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓