Жұрт алаңы – жол
Қостанай-Нұр-Сұлтан және Қостанай-Троицк (РФ шекарасы) автожолдарында ақылы жүйесін енгізу мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жайында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Жақында облыс орталығында, сондай-ақ Әулие-көл, Федоров, Қарабалық, Қарасу және Қостанай аудандарында өткен қоғамдық тыңдау барысында "Қазавтожол" ұлттық компаниясының өкілдері аталған жолдар 2-техникалық санатқа жататынын, сондықтан жеңіл автомобильдердің жүруі тегін болып қала беретінін айтқан. Сонымен қатар, компания мамандары республикалық маңызы бар Қостанай-Нұр-Сұлтан тас жолын кеңейту мүмкіндігіне қатысты халықтың сұрағына жауап берді. Тұрғындардың атап өтуінше, аталған тар жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүреді. Соның салдарынан өңірде жол апаты жиілеп тұр.
"Автомобиль жолдарының мемлекеттік стандартына сәйкес, төрт жолақты жол тәулігіне қарқыны жеті мыңнан астам көлік жүріп өтетін 1-техникалық санатқа жатады. Қазіргі уақытта Қостанай-Нұр-Сұлтан автожолының жүктемесі тәулігіне бес мың автомобильден аспайды. Бұл 2 немесе 3-санаттағы екі жолақты жолға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан, қосымша жолақтар салу туралы шешім қабылдау үшін көрсетілген учаскедегі қозғалыс қарқындылығы кем дегенде 30 пайыз-ға артуы керек", – деп тү-сіндіреді ұлттық компания мамандары.