Оқу аралас формата
10 наурыздан бастап облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрақтануына байланысты сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
"Аралас форматқа кө-шу қысқа мерзімде іске асырылып, апта соңына дейін аяқталатын болады. Бұл ретте пәндердің 70%-ы штаттық форматта, 30% – қашықтан өткізіледі. Ол пәндерді мектеп жеке анықтайды. Мектептерде балалардың қауіп-сіздігі мен денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған, оқу үде-рісі санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылған. Ерекше жағдайларда ауырған кезде немесе науқастармен қа-рым-қатынас кезінде ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтық форматта қалдыруға рұқ-сат етіледі. 300 балаға дейінгі мектеп штатты форматта жұмысын жалғастырады. Аралас форматта 9 және 11 сынып оқушылары оқиды", – делінген хабарламада.
Түсінбеушілік туындамас үшін айрықша айта кетер жайт, оқушылар сабаққа мектеп формасында да, ата-аналардың шешімі бойынша еркін, таза және ұқыпты киіммен де қатыса алады.
"Қашықтан оқытуда қалып отырған 6, 7, 8 жә-не 10 сыныптардың 4-тоқсанынан бастап штаттық режимде оқыту мәселесі қаралуда. Мектепке дей-інгі балалар мекемелерінің қызметіне топтағы саны 25 адамнан аспайтын кезекші топтар форматында рұқсат етіледі", – дейді бі-лім басқармасы өкілдері.