Қостанайлық құтқарушылар қысқа дайын ба?
Қостанай облысы қар тазалау техникасымен толық жабдықталмаған. Жетіспеушілік «Қыс – 2015» оқу-жаттығуларында байқалды. Бұл іс-шараға аймақтағы барлық коммуналдық ұйымдар қатысуда. Құрылғылар мәселесін биліктегілермен келісіп шешпек."Қостанай қыс қытымрына сақадай сай", дейді жедел құтқару мен коммуналдық қызметі. Қалалық оқу-жаттығуға 50 техника жұмылдырылып, 150 адам шақырылған. Жылу берушілер, электршілер, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер және аспаздар. Дайындық 4-ші қарашадан басталған. Басты мақсат – төтенше жағдайлардың тез алдын алып, адамдарды құтқару.
-Өңірде қыс қатты болады, қар да қалың жауады. Жолаушылар көп жағдайда автокөілкпен қар астында қалып қояды. Дереу көмек көрсетіп, жапа шеккендерді құтқару керек. Көліктерді шығару міндетті емес, адам жанын аман алып қалсақ болғаны,-дейді Қостанай облысы ТЖД-і, азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Виктор Шиллер.
Мәселенін мән-жайын Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов өзі тексеріп қайтты. Қар тазалауға арналған техникалардын аздығын сөз етті. Құтқарушылар облыстағы қалалық, аудандық жолдардан бөлек, республикалық маңызы бар трассаларда да қызмет көрсетеді. Бұл дегеніміз жарты мың шақырым.
-Бүгінде бұл мәселе облыс әкімі мен министрліктің жіті бақылауымен шешілуде. Өткен аптада бірінші вице-министрдің қабылдауында болдық. Өңір басшысының Министрмен келісімінде осы республикалық маңызы бар жолдардың жай-жапсары қаралып, техникамен қаматамасыз етуге сөз берді,-дейді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Кенже ҚОНЫСБАЙ