Педагогикалық идеялардың үздігі
Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директоры орынбасары Рашит Тәтімбеков 4-6 наурызда Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында 1-орынды иеленді.

Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрама командасы Республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне 7 жұмыс ұсынып, оның ішінде алты мұғалім жүлделі орындарға ие болды.
