12 мың гектарға ұлғаяды

Соңғы жылдары астықты өңірде  майлы дақылдардың үлес салмағы артып келеді. Оған себеп, бидайға қарағанда ішкі және сыртқы нарықта зығыр, рапс, қарақұмық, күнбағыс сияқты дақылдардың құны екі-үш есе қымбат.  Бұл өнімдерге сұраныс өте  жоғары.  Сондықтан, бұған мемлекет басшысының өзі ерекше мән беріп отыр.  Биыл облыс диқандары  5,2 млн га алқапқа дән сіңірмек. Тек соның 652 мың гектарына ғана  майлы дақылдар себіледі. Ауыл шаруашылығы мамандары биыл майлы дақылдар алқабын 12 мың гектарға ұлғайтуға бел буып отыр. Өйткені үстіміздегі жылы тауар өндірушілер үшін қосымша ынталандыру ретінде қолдаудың жаңа түрі — отандық зауыттарға өңдеуге тапсырылған тұқымдық майын субсидиялау іске қосылды. Бұл мақсатқа өңірде 250 млн теңге қарастырылған. Көктемгі дала  жұмыстарына 23 мыңға жуық трактор, 1 мыңға жуық егіс кешені мен 22 мың сепкіш қатысады. Олардың  дені дайын. Қолда бар техниканың 85%-і науқанға сақадай-сай тұр. Егіс жұмыстарын іркіліссіз өткізу үшін облысқа 71 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.  Биыл сұйық отынның 1 литріне 170 теңге көлемінде баға бекітілді дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының мамандары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓