Қоғамдық қабылдау

Аманкелді ауданына қарасты Үрпек және Қарасу ауылдарында мобильді қоғамдық қабылдау өткізіліп, қос ауылдың халқымен кездесу өтті.Үстіміздегі жылдың 1 наурызында өткен ХХІІ Съезде партия Төрағасы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен кері байланысты күшейту керектігін, оның ішінде азаматтарды мобильді қабылдау жүргізуді баса айтып, партия жұмысын қайта құруды тапсырған болатын. Осыған орай аудандағы екі ауылға облыстық маслихат депутаты Бахытжан Наменұлы, Қостанай облыстық «AMANAT»  партиясы филиалының атқарушы хатшысы  Бибігүл Бүркітқызы арнайы іс-сапарлап келді. Аудан әкімі Талғат Карбозов, аудандық "AMANAT" партиясы филиалының атқарушы хатшысы Марал Досымов, бірқатар бөлім басшылары мен бас мамандары қатысты.Мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері осыған дейін шалғайдағы 15 ауыл-ауылдық округтарға барып, тыңдалым жасаған. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен мәселелері бойынша өтініштер қабылдаған.
— Қабылдау басталғалы бері оннан астам ауылдық жерлерді араладық. Азаматтардың 251 өтініштері қабылданып, 23-ші оң шешім тауып, 147-не түсініктеме берілсе, 81-і қаралу үстінде. Олар да алдағы уақытта жақсы жағынан көрініс берері анық. Жалпы мамыр айының соңына дейін 25 шалғай ауылдарға баруды жоспарлап отырмыз, — дейді Қостанай облыстық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Бүркітқызы.Қабылдау барысында ел тұрғындары көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Өзіндік ой-пікірлерін, ауылдық жерге керекті, аса маңызды деген тұжырымдамаларын ортаға салды. Мыңға жуық адамдар шоғырланған ауылдардың тыныс-тіршілігі, бүгінгі таңдағы жағдайы жайында қабылдау тобы тұрғындардың өз аузынан естіді.Халықтың айтқан өтініштерінің басым бөлігі аудандық маңызы бар жол, ауылға кіреберіс жолдарды тиімді ету, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық және ауыл шаруашылығы төңірегінде. Қойылған сұрақтар мен сауалдардың жартысына жуығы оң шешімін тапты. Қалғаны алдағы уақытта белгілі болатын болады.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓