Кәсіпкерлікпен кеңірек танысты
«Нұр Отан» партиясының Сарыкөл аудандық филиалы «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» жобасы аясында «Жарыс көшбасшыларын қолдаймыз!» атты пікірсайыс ұйымдастырды.
Аталмыш шараға қатысқан «Жас Отан» ЖҚ белсенділері аудандағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жеке кәсіпкерлермен кездесті. Жастар жүздесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту үшін несие алу, бизнес-жоспарды құру сынды ел келешектерінің сауалдарына жауап алуға тырысты. Айтулы шараға кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлікті қолдау орталығы өкілдерінің де қатысқанын айта кеткен жөн.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы