Талайды қан қақсатқан
Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазғаннан кейін Қостанай қалалық полиция басқармасына тағы 6 тұрғыннан шағым келіп түсті. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерден түскен арыздарды әлі де қабылдауды жалғастыруда.
«Instagram» әлеуметтік желісінде корпустық жиһаз жасаймын деген желеумен біраз адамды алдаған алаяқтық іс өндіріспен аяқталды. 43 эпизод (алаяқтық фактілері) сотқа қарауға жіберілді.
Мәселен, Қостанай қаласының 33 жастағы тұрғыны 2018 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылдың желтоқсан айына дейін кәсіпкерлік қызметті жалғастыра отырып, «Мир мебель» жеке кәсіпкерлік атынан тіркеліп, корпустық жиһаз дайындау бойынша «Instagram» әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашады. Алаяқ азаматтардың сеніміне кіріп, олармен корпустық жиһаз жасауға және монтаждауға келісім-шарт жасасқан. Жеке кездесіп немесе карточкалық шотқа аудару арқылы алдын ала төлем алып отырған. Кейбіреулері алдын-ала төлем жасады немесе қолма-қол толық төлем жасағанымен бірде біреуі берген тапсырыстарын алмаған. Мысалы, Қостанай қаласының 30 жастағы тұрғыны қаскүнемнің картасына шкаф-купе, комод, ұлттық үстел және тағы да басқа бұйымдарды істетуге 505 мың теңге аударса, Қостанай қаласының 45 жастағы тұрғыны ас үй гарнитурасын дайындауға 330 мың теңге аударды. Тағы бір әйел ас үй гарнитурасын, шкаф-купе, ас үй үстеліне тапсырыс беріп, 825 мың теңгесінен қағылған.
Қазіргі күні Қостанай облысы бойынша тек ғана бір факті бойынша 57 адам зардап шекті. Азаматтарға жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірді.
Айта кету керек, күдікті бұрын жоғалған біреудің куәлігін пайдаланып, өз жұмысын осылай интернет арқылы жалғастырған. Алданғандардың бірқатары 2019 жылы сотқа жеке жүгінген болатын. Бірақ одан нәтиже шықпаған. Алаяқ алдауын жалғастыра берген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында полицейлердің жәбірленушілерге үндеуі шыққаннан кейін Қостанай қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөліміне тағы 6 азамат шағымданды. Үш адам жиһаз жасаушы алаяқтың құрбаны болғанын айтып хабарлады. Мәселен, Рудный қаласының тұрғыны күдіктіге 2 миллионнан астам ақша төлеген, бірақ әлі күнге дейін қаражатта жоқ, жиһазда жоқ.
Полицейлер облыс тұрғындарын интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді. Арман есімді ер адам «Instagram» жеке парақшасында облыс тұрғындарына жұмсақ жиһаз жасау қызметін ұсынған. Мұндай жұмыс түрі көп ақшаны талап етпесе де, алданған 5 жәбірленуші полицияға жүгінді. Осыған орай, полицейлер облыс тұрғындарын қырағы болуды және тапсырыс бергенде және қандай да бір жұмыстарды орындауда аса мұқият болуды ескертеді.
– өзіңіздің банктік картаңыз туралы, сондай-ақ жеке басыңыз туралы деректерді ешкімге бермеңіз (жеке куәлік фотосуреті, банк картасының фотосуреті, картаның артқы жағындағы үш таңбалы CVV коды);
– интернетте сатып алынған өнімге депозит жасамаңыз, өнімді сатып алмас бұрын интернет-дүкеннің беделін мұқият тексеріңіз;
– тауарларды, жылжымайтын мүлікті немесе автомобильді мобильді қосымшалар арқылы сатқан кезде абай болыңыз, жеке кездесу кезінде төлем алған жөн немесе «бейне қоңырау» арқылы сатып алушының сенімділігіне көз жеткізіңіз;
– егер тауарды, автокөлікті сату, пәтерді жалдау туралы хабарландыруда алдымен кепілзат қою керек екені көрсетілсе немесе сатушымен байланыс тек «Ватсап» арқылы жүргізілетіні көрсетілсе, абай болыңыз. Алаяқ болуы мүмкін. Ешқашан "Qiwi", "Yandex деньги" және т. б. электрондық төлем жүйелеріне кепілзат қоймаңыз;
– әр түрлі «мессенджерлер» және әлеуметтік желілер арқылы жібере алатын күмәнді сілтемелерден өтпеңіз, өйткені бұл вирустық файлдар мен қосымшалар болуы мүмкін, бұл оларға мобильді банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді;
– әр түрлі сайттарға өзіңіздің банктік карталарыңыздың деректерін енгізбеңіз, өйткені бұл сіздің жеке ақпаратыңызды жинау үшін арнайы жасалған «фишингтік» сайттар болуы мүмкін. Олар кейіннен сіздің банктік картаңыздан рұқсатсыз төлем жасау үшін пайдаланылатын болады;
– интернет желісіндегі күмәнді конкурстарға қатыспаңыз;
– криптовалютаға, акцияларға, қымбат металдарға және т. б. ақша салу арқылы үлкен дивидендтер уәде ететін күмәнді жобаларға ақша салмаңыз, компанияның сенімділігіне көз жеткізіңіз, Интернеттегі пікірлер мен түсініктемелерді оқыңыз.
– егер Сізге банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалса, банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы деректерді ешқашан сұрамайтынын, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түсетін кіру кодтарын беруді талап етпейтінін есте сақтаңыз. Сондай-ақ алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыру бойынша Мобильді қосымшаларды «Банктің Call орталықтарынан» қоңырау шалу үшін пайдакүнемдік мақсатта пайдаланады. Мұндай жағдайларда телефонды қойып, банк сайтында көрсетілген калл-орталықтың нөміріне қоңырау шалу керек.