Футбол алаңы ашылды
Лисаков қаласына қарасты Октябрь ауылында шағын-футбол алаңы ашылды. Аталған жобаны «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасы қаржыландырды. Себебі, Еуразиялық Топқа кіретін КБКБ кеншілер қаласында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Қостанай облысы әкімдігімен меморандумға қол қойған болатын.
Жасанды жабындысы бар алаңның құрылысына 12 800 275 теңге жұмсалды. Нысан замануи талаптарға сай жабдықталып, 14 жарық жүйесі орнатылған. Футбол алаңының ашылуына өңір басшысы қатысып, ауыл халқын құттықтады.
-Осы жылдар ішінде ауылдағы мектеп пен балабақша жөнделді. Мұндағы әлеуметтік жобалар «Қазақстан Алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кенінің қолдауының арқасында жүзеге асуда. Спорт алаңы ауыл жастарының бос уақыттарында бас қосатын орнына айналсын,-деді Қостанай облысының әкімі Н.Садуақасов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек Жүзбай