Тозған үйде тұрған: Ахаңның ұрпағы баспаналы болды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жиені, Айман Байсалованың осыған дейін төбесінен су аққан, ескі үйде тоңып отырғанын, тіпті үйдің ішінде етікпен жүретін хәлге жеткен. Желілерде жарияланған осы жағдайдан кейін, міне, ол қартайған шағында баспаналы болды. Бұл туралы қазақтың ғалым қызы Анар Бекмырза хабарлады. Оның айтуынша, бұл Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асқан екен.«Аллаға шүкір, бүгін қасиетті дүйсенбі күні Алматыда керемет жаңалық болды. Президент Қ.К. Тоқаевтың қолдауымен Ахмет атаның жиен немересі Айман апайымыз жаңа үй алды. Алғаш рет жаңа баспанаға кірдім дейді апай көзіне жас іркіле. Мәселені көтерген Айгүл Ісмақова апайыма, мақала жариялаған «Егемен Қазақстан» газетіне, проблемаға бей-жай қарамай, әрқашан өз көмегін ұсынған сенатор Алтынбек Нұқұлына Алланың нұры жаусын»,- делінген жазбада.Жиен немересінің айтуынша атасы Ахмет Байтұрсынұлының өзіне тиесілі үйі ешқашан болмаған, Анасы Шолпан Байтұрсынқызы көрінгеннің босағасында, кейде жер төлесінде қуғын-сүргінде өмір кешкен.«Айналайын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы маған бүгін су жаңа, жылы үй сыйлады. Атаның әруағын сыйлап, менің басымдағы жағдайға алаңдап, қамқорлық танытқаныңа рақмет. Алаш жолын ардақ тұтқан елдің болашағы зор деп сенемін. Еліме, Қазақ халқына жарқын болашақ тілеймін!»,- деп алғыс білдірді апай.
 
ZTB

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓