Кеңсе қызметке кірісті

Қостанай ауданының Жамбыл ауылында "Жамбыл көмек алаңы" фронт-кеңсесі ашылды. Ол жергілікті акімдік ғимаратында орналасқан. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Жансұлтан Таукенов қатысты.Бұл кеңсенің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы және "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің ықпалдастығы жөніндегі кешенді жоспарлары аясында ашылып отыр. 
Селолық округ әкімі Қанат Сәттібаевтың айтуынша, бұл алаң жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетіп, кеңестер беріп, құжаттар қабылдайды.  
"Бүгінде азаматтардың мәселелеріне құлақ асу және көз жеткізу аздық етеді, бастысы, оларға дұрыс әрі объективті әрекет жасалуы керек. Ашықтық және қолжетімділік принципі ұсталуы тиіс. Осы жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 720 мың теңге жұмсалды. Алдағы уақытта электронды қызметтің тиімділігін арттыруды көздеп отырмыз", – дейді Қ.Сәттібаев.  
Аудан әкімі де мұндай кеңселердің ашылуы қоғам мен мемлекет арасындағы байланысқа кедергі болатын жағдайларды, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін құрылатынын атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓