Фабрика жемқорлықтан қорғалмақ

"Protecting Business and Investments" бизнес құқықтарын қорғау жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментінің басшылығы мен "Большевичка" тігін фабрикасы арасында келісім-шарт жасалды.Мұндағы мақсат – компанияны ҚР аумағында сыбайлас жемқорлықтан қорғау, сондай-ақ инвестициялық қызметтерге қолайлы ахуал тудыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күш жұмылдыру.
"Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 100 – ден астам бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғады, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов. – Ондай заңсыздықтардан қорғау инвесторларға мемлекеттік органдарға жүгінген кезде заңсыз талаптар мен кідірістерден аулақ болуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша мемлекеттік гранттар алатын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге де қолжетімді. Мәселен, қысым арқылы қызметке кедергі келтіру, қызмет көрсету үшін пара талап ету, патронаттық ұсыныстар секілді түрлі жағдай кездесіп жатады. Әрбір фактіні құзыретті органдар ШОБ қызметіне араласу арқылы бағалайтын болады. Кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға және іс қозғауға дейінгі ең қатаң шаралар қабылданады"."Большевичка" фабрикасының директоры Арсен Жетпісбаеввтің айтуынша, олардың кәсіпорындары үшін бұл келісімнің маңызы зор, қол жеткізілген келісімдер кәсіпорынға құқықтық қолдау мен заңды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтарына және "Kostanai – Adaldyq Alany" жобалық кеңсесінің алаңы маңызды мәселелерді шешу аясында мемлекеттік органдармен осындай өзара тиімдіжұмыстар атқарыларына сенім білдірді.Осылайша, бүгінгі таңда өңірде Департамент пен кәсіпкерлік субъектілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 48 келісімге қол қойылды. Келісім жасалған компаниялардың инвестициялық портфелі 364 млрд теңгеден асады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерге құқықтары бұзылған жағдайда "Protecting Business and Investments" жобалық кеңсесіне 54-46-24 нөмірі бойынша хабарлауға болатынын еске салады. Мұнымен қоса, +7 776 555 1424 немесе ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "1424" Call-орталығына қоңырау шалуға мүмкіндік бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓