Айдос ҮКІБАЙ: “Әлеуметтік қолдау әрдайым назарда”

"Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы жаңғыртуды және халықтың аз қамтылған топтарына қолдау көрсетуді тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын әрдайым айтып келді", – дейді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.айдос
"Президент тапсырмасы бойынша, ақпан айының басында ел азаматтарының кірісін көбейтіп, өмір сапасын арттыру, оның ішінде көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын күшейту бойынша жұмыс тобының құрылуы осы бағыттағы маңызды қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобына азаматтардың аталмыш деңгейінің өзекті мәселелерін шешу үшін нақты механизмдерді жасақтап, республикалық бюджеттегі қосымша қорларды қарастыру міндетін жүктеді", – деп атап өтті Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы.
Ол халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді ұлғайту бойынша ұсынылатын шаралар пакетін жан-жақты түсіндіре өтті.
"Бірінші кезекте Елбасы мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға қолжетімділікті оңайлату және көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіру шараларын қолға алуды тапсырды, сондай-ақ, аса мұқтаж көпбалалы отбасыларға муниципальді жалдамалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мүмкіндігін қарастыруды міндеттеді. Мұнымен қоса, орталық және жергілікті атқарушы органдар, аймақ әкімдері осы салада тиісті бақылауды күшейтуі қажет. Оның сыртында Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын қамсыздандыру үшін бюджеттің барлық деңгейдегі шығындарының басымдықтарын қайтадан қарау керегін атап көрсетті. Мәселен,республикалық маңыздағы кейбір аймақтардар мен қалалардың басшылары көпбалалы отбасыларға және өзге де мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетуге қажетті қосымша мүмкіндіктер мен қорларын сарқып отыр", – деді Айдос Үкібай.
"Бұл жұмыс барлық бейіндік мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар белсенділік танытса, жемісті жалғасын табады деп ойлаймын. Президент Әкімшілігі Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысын қатаң қадағалап отырмақ", – деп түйіндеді баспасөз хатшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓