37 адам жұқтырды

31 наурызда Қостанай облысында 37 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 22 тұрғыны, Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында 5-ден, Қарасу ауданында- 2, Денисов, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
33 адам өздігінен жүгінген кезде, 4 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 7 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 31 наурыз аралығында COVID-19-ды 13821 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 12293.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓