Жаңарған амбулатория

3«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тобыл станциясындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Бүгін аталған емдеу мекемесінің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов қатысты.
2Амбулатория елді мекендегі 7,5 мың адамға қызмет көрсетеді. Биыл мұндағы ұжым қос кадрмен толықты. Оның бірі – жас маман, екіншісі – Жамбыл облысынан көшіп келген тәжірибелі дәрігер. Амбулатория бір ауысымда 35 науқасты қабылдайды, 15 төсек-орын бар.
1Күрделі жөндеу жүргізілген ғимараттың шатыры, қасбеті, іргелес аумағы, іші түгел жаңартылды. Жиһаз бен зертханалық жабдық сатып алынды.
«Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңартылып іске қосылған дәрігерлік амбулатория ауыл инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдері де жетілдіріліп отыр», – деп атап өтті Ерлан Спанов.
5

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓