Жаңа МРТ-мен жабдықталды

Қостанай облыстық ауруханасында магнит-резонанстық томограф іске қосылды. Ең жоғары дәлдікпен тексеріс жүргізуге қауқарлы аппарат орнатылған кабинетпен танысуға облыс әкімі А.Мұхамбетов арнайы барды. 
 
Германия елінің Siemens компаниясының өнімі ең жоғары деңгейде зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Қуаттылығы қуаты 1,5 ТсЛ болып өлшенетін аппарат жергілікті бюджет қажажаты есебінен алынған.
"Жаңа аппарат ескірген және жиі істен шығатын МРТ-ның жүктемесін жеңілдететін болды. Ең бастысы, жаңа аппаратта біз магниттік-резонанстық зерттеудің барлық түрін жүргізе аламыз. Бірінші кезекте ми қан айналымында ақау бар пациенттер, сондай-ақ нейрохирургиялық және травматологиялық бейіндегі науқастар қаралады, – деді Бас дәрігер Юрий Моисеев. – Жүйенің барлық қосымшаларында жоғары және тұрақты кескін сапасы клиникалық әмбебаптықпен үйлеседі, бұл МРТ қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. МӘМС жүйесіне қатысушы болып саналатын азаматтарды тексерістен өткізу тегін болады".
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Айтбаевтың айтуынша, пандемия кезеңінде облыстың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 12,4 млрд теңге бөлінген.
"Бұл қаржыға екі МРТ аппараты, сегіз КТ аппараты, 37 УДЗ аппараты, 8 цифрлы маммографиялық рентген жүйесі сатып алдынды. МРТ аппаратымен қамту 3 есе, компьютер томографымен жабдықтау 2 есе, цифрлы рентгенмен қамтамасыз ету 1,5 есе ұлғайды. Қазіргі таңда облыста 16 КТ аппараты бар", – дейді ол.
Осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы жалғасын табады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓