Тұмауға қарсы егу басталды

Қостанай облысында қазан айынан бастап тұрғындарды тұмауға қарсы иммундау кампаниясы басталды. Тәуекел тобына кіретін адамдар тегін екпе алатын болады.  Тәуекел тобына медициналық қызметкерлер, жиі ауыратын және диспансерлік есепте тұрған балалар, жабық мекемелердің тәрбиеленушілері, қарттар үйінің тұрғындары, созылмалы аурулармен, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдары ауруларымен ауыратын адамдар, жүктілігі 2-ші және 3-ші триместрдегі әйелдер жатады. Бүгінде бюджеттен бөлінген қаражатқа Ресейде шығарылған “Гриппол плюс” вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. 
грип вакцина
Тұмауға қарсы екпені жылда алу қажет, себебі тұмау вирусы көбейе береді және түрлері де өзгеріп тұрады, өзге инфекцияларға қарсы сияқты оның салдарынан өмір бойына иммунитетті алу мүмкін емес. Биылғы эпидемиялық маусымда тумау вирусының 4 штамм айналымы күтілуде, олар A/Brisbane (H1N1), A/Kansas (H3N2), B/Colorado және B/Phuket.
Вакцинацияның ұсынылатын кезеңі – қазан мен қараша айлары, иммунитет 14 күннен кейін қалыптаса бастайды және жыл бойына сақталады. 
Тұмау ауыр клиникалық көрінісімен ерекшеленеді – дене температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қатты қалтырау, жөтел, жалпы әлсіздік, мұрын бітелуі, қатты бас ауруы, сондай-ақ бұлшық еттер мен буындардың ауыруы. Тұмау асқынулармен, соның ішінде жіті пневмониямен қауіпті, энцефалит немесе менингит дамуы мүмкін, ал жүкті әйелдерде-түсік тастау немесе ерте босану қаупі болады.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓