Мектептерде ыстық тамақ қымбаттады

Қостанайдағы білім ордаларында ыстық тамақтың бағасы 30 процентке көтерілді. Асханалардағы жаңа баға төртінші тоқсаннан бастап енгізіледі. Қостанай қалалық білім бөлімі бағаны бұрынғы қалпында ұстап тұруға дәрменсіз. Себебі, инфляция өсіп, азық-түлік шарықтап барады.
Білім беру ошақтарындағы жылға жуық жабық тұрған тамақтану орындары үшінші тоқсан аяғында жұмысын қайта бастаған еді. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталысымен, мектеп асханаларының есігі айқара ашылды. Осы уақытқа дейін оқушылар үшін кешенді түскі астың құны 257 теңге болатын. Сәуір айында ыстық тамақ бағасы 30 процентке қымбаттайды. Қостанай қалалық білім бөліміне хабарласқанымызда, олар мұны азық-түлік бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр:
– 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап ыстық тамақ бағасы оқушылардың барлық жас санаттары үшін 320 теңге болып белгіленді. Бұл азық-түлік пен коммуналдық қызметтер  бағасының өсуіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап азық-түлік бағасында өсім болған жоқ. Тамақтану құны 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 санитарлық ережеде көрсетілген нормаларға сәйкес есептеліп келген болатын. Азық-түлік жеткізушісі тарап барлық жас санаттары үшін тағамның орташа мөлшерін есепке алады. Мұндай шешім тамақтандыру қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлермен, мектеп басшыларымен және әрбір білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен бірлесіп қабылданды, – дейді қалалық білім бөлімінің сектор басшысы Татьяна Степанова.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓