Ет экспорты әлеуетті
Қостанай облысында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірдің экспорттық әлеуеті толықтай жүзеге асырылуы керек. Бұл пікірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Жансұлтан Таукенов білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның арқасында облыста мал басы мен мал өнімдерінің көлемі арта түсті.
«2027 жылға қарай ет өндіру көлемін 184 тоннаға жеткізу көзделген. Етке деген ішкі қажеттілік толығымен қамсыздандырылып, өзге өңірлерге оның 4,5 мың тоннасы жіберілген. Сондай-ақ, 474 тонна ет Ресейге экспортталды. Ет өндіретін 26 кәсіпорын жергілікті шикізатпен қамтылып отыр», – деді Ж.Таукенов.
Бүгінгі таңда облыста мүйізді ірі қара басы 470-ке жетті. Ал жылқы саны –118 мың, яғни 5% өскен. Қой мен ешкі 2% көбейіп, 499 мың бас болды. Тек шошқа саны 209 мың бас көлемінде қалып отыр.