Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды?
2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес өңірдің 300 оқушыға дейінгі контингенті бар 381 мектебінде 31 мыңға жуық немесе 28% оқушыға дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова айтты.

Әр мектеп ауысым бойынша сыныптар санын, кестені, сонымен қатар қашықтықтан оқытылатын пәндер тізімін жеке белгілейді.
Ағымдағы оқу жылы кезеңінде оқушылар ата-аналарының шешімі бойынша мектепке мектеп формасында да, ұқыпты киімде де бара алады.
Өз кезегінде, білім беру ұйымдары оқу процесін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мектептер үшін ата-аналарға қосымша қаражат немесе құрылғылар сатып алудың қажеті жоқ. Білім беру ұйымдарында ақшалай қаражат жинауға білім басқармасының бұйрығына сәйкес тыйым салынады.
-Егер сізге санитарлық тораптар, кварц шамдары, антисептиктер және тағы басқа да заттарды сатып алуға ақша жинау фактілері белгілі болса, 37-08-58 және 8- 747-820- 58-05 немесе әлеуметтік желілердегі білім басқармасының Фейсбук немесе Instagram парақшаларына хабрласыңыздар. Әрбір жағдай бойынша шаралар қабылданатын болады.
1 сәуірде бірінші сыныпқа қабылдау басталады, ол қазір электронды форматта өткізіледі. Биыл облыс мектептеріне 10 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы келеді деп күтілуде,- дейді облыстық білім басқармасының басшысы.
1-сыныпқа 6 жасқа толған немесе ағымдағы күнтізбелік жылы толатын балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады немесе білім беру ұйымдары арқылы дәстүрлі форматта бере аласыз.
15 сәуірге дейін 5-7 сынып оқушыларын дарынды оқушыларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау ұзартылды. Ы.Алтынсарин мектебіне және «Озат» ақпараттық технологиялар лицейіне түсу үшін құжаттарды qabyldau.daryn.kz сайтында тапсыра аласыз, Білім-инновация лицейіне – www.bilemtihan.kz сайтында.

ҰБТ өту үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында электронды түрде тіркелуге болады, оқушы өзі тестілеуді тапсыру күнін, уақытын және орнын таңдай алады.
Айта кетсек, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күнге созылады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады.