Барлығы биліктің бақылауында (БЕЙНЕБАЯН)

Қостанайға кіре берістегі Гагарин көшесідегі үлкен көпірдің астын су басып, қозғалыс шектелген болатын. IMG_2053Тиісті мамандар мәселені дер кезінде қолға алса да, Федоров, Қарабалық ауданы, одан әрідегі Ресейдің Челябі облысына шығатын халықаралық маңызы бар жолдың бастауы әлі ашылар емес. IMG_2050Бүгіндері бұл нысанда 5 техника, үш сорғы іске қосылған. Алайда, көпір астындағы жол сайда болғандықтан, қырдан еріген қар суы осы маңға кеп жиналады. Әзірше көлкіп тұрған қар суын жол бойынан ары асырып төгуден басқа амал табылмай тұр.  IMG_2048Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мән-жайдың мәнісін бақылау үшін сол маңға арнайы ат басын бұрды. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов пен ТЖД-нің басшысы Талғат Кәкімовке техника санын көбейтуді тапсырып, қысқа мерзім ішінде жолды ашу керек екенін ескертті.IMG_2068
 
Сонымен қатар, Қостанай-2 ықшам ауданындағы тұрғындардың хал-ахуалымен танысты. IMG_2085Бұл маңдағы үйлердің ішіне дейін су кірген. Өңір басшысы әр үйдің ауласын қарап, кебірнің баспанасына да бас сұқты.
 
 
IMG_2094
 
IMG_2109
Тұрғындарды еш алаңдамауға шақырды. Себебі, барлығы биліктің назарында.IMG_2083
 
IMG_2077Бұдан соң әкім су басу қаупі басым Қостанайдың іргесіндегі Дружба ауылына аттанды. IMG_2119Бұл жақта бәрі тәртіп бойынша. Әр аймаққа бақылаушы қойылған, техника мен керек-жарақтар сақадай сай тұр.IMG_2111 Ауыл ішінде пайда болған шалшық суды тез арада құрғатып отырады. А. Мұхамбетов егер төтенше жағдай бола қалса, ауыл тұрғындарын да жұмылдыру керектігін айтты.IMG_2127
-Аландауға еш себеп жоқ. Бәрі бақылауда. Ауылдың қауіпсіздігі үшін тағы екі сорғы алдыртамыз. Құтқарушылар су басуы мүмкін барлық аймақтарда кезекшілік етеді. Қауіптің беті ары қарағанша барлығы биліктің назарында болады,-деді облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов. IMG_2135     
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓