Жомарт жер – Жітіқара
Ертең ауданда "Қостанай таңы" газетінің күндері басталады
Мейрам Өтешов, аудан әкімі:
"Қала шағын, жұмыс қауырт…"

Аудан әкімі Мейрам Өтешов
Аумағы 7,3 мың шаршы шақырым.
2014 жылдың 1 шілдесінде есеп бойынша халқы 50624 адам.
Аудан орталығында 35108 адам тұрады. Ұлттық құрамы:
– қазақтар 21991
– орыстар 19517
– украиндар 4004
– немістер 1784
– басқалары 3454.
– Мейрам Олжабайұлы, Жітіқара – жомарт жер. Асты мен үсті байлыққа толы мекен. Кешегі Кеңес заманында қала мәртебесіне ие болған осы атыраптың бүгінгі тыныс-тіршілігі, хал-ахуалы қандай? Ертең болатын аудандағы "Қостанай таңы" күндері қар- саңында өзіңізбен осы мәндес сауалдармен әңгімелескелі отырмын.

Қала орталығындағы субұрқақ
Қостанай өңірі бойынша елімізде 100% асбест өндіретін кәсіпорын "Қостанай минералдары" АҚ осы Жітіқарада қоныс тепкен. Оны жақсы білесіздер. 3000-ға жуық қызметкері бар акционерлік қоғам ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Бір жылда хризотил-асбесті өндіруді 400 мың тоннаға жеткізіп, шетелдерге экспорттап отырған комбинаттың келешегі зор.
Сондай-ақ, "Орион Минералс" ЖШС-ін де атап өтуге болады. Бұл кәсіпкерлік алтын кенін өндірумен айналысады. Жылына 500 мың тоннаға жуық кен өндіріп, халықты жұмыспен қамтып отырған іргелі кәсіпорын.

Жітіқара жеріндегі егін алқабы
– Бұл бағдарлама бойынша биыл республикалық бюджеттен 25,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жылдың басынан бүгінге дейін 972 адам өтініш білдіріп, соның 947-сі әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды. Олардың дені қазір әр салалаларда қызмет атқарып, нәпақасын тауып жүр.
Мәселен, бірінші бағыт "инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жұмыс-қа тарту" бойынша №12 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 130 жуық адамның тең жартысы осы бағдарламаға сай жұмысқа тартылды. Сол сияқты екінші бағыт "Жаңа жұмыс орнын, кәсіпкерлігін ашу" үшін 25 адамға 75 млн. теңгеге шағын несиелер қарастырылды. Кәсіпкерлік негізіне арналған оқуға ынталы 12 адам тіркелді. Үшінші бағыт "арнайы оқу оқып және маман қажеттілігі" бойынша кондитер, слесарь-электрик, токарь, автокөлік жүргізушісі, механизатор мамандығына орналасып, әртүрлі қызметтерде еңбек еткендердің саны да арта түсуде. "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы аясында жас мамандар қатары да жыл сайын толығуда.

Алтын өндіретін Орион Минералс ЖШС-нің кен орны
– Бұл күні Елбасы тапсырмасына сәйкес үкіметтің әзірлеген "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын бір қалыпқа келтіріп отыр. Себебі, мемлекеттік қолдау мен индустриялық-инновациялық жобалардың жүзеге асуының нәтижесінде маңызды нысандар бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылып, бірден болмаса да, бірте-бірте қала тіршілігіне қан жүгіре бастады. Республикалық бюджеттен жалпы 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осы қаржының шашауын шығармай игеріп келеміз. Бұл жерде "көтере алмас шоқпарды белге байлаудың" қажеті жоқ. Көптеп-көлемдеп, ойлаған жобаны жоспар бойынша іске асырсақ, сол да жетеді бізге.
Биыл "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң-ғырту" бағдарламасы аясында алты үйге жөндеу жұмысын, термомодернизация жүргіздік. Бұған 75 млн. теңге қаржы бөлінген. Алдағы жылы осы бағыттағы жұмысты арттыра түсуді жоспарлап отырмыз.

Өңір басшысы Нұралы Садуақасов Бренд ЖШС-нің өнімін көруде
– Иә, ол рас. Биылғы жылы "Қостанай минералдары" акционерлік қоғамы өз өнімін 9% кемітіп жіберсе де, өңіріміздегі экспорттаушы бірден-бір кәсіпорын. Оның басшысы Ербол Нұрқожаевпен біз үнемі ауданның әлеу-меттік-экономикалық жағдайын дамыту мақсатында бірлескен меморандумға қол қоямыз. Сондай-ақ, "Орион Минералс", "Артемис", "Брендт" ЖШС алтын кенін өндіретін кәсіпорындарымен де бірлескен жұмыстар жетіп артылады.
– Ауыл шаруашылығы саласында қандай жетіс-тіктер бар? Биылғы егін орағы жайында не айтасыз?
– Бүгінгі күнге дейін диқандарымыз 162,5 мың га ал-қапты орып үлгірді. Орташа есеппен 5,3 центнерден келеді. Ауданымыз құмайтты жер болғандықтан клейковинасы да жақсы, 29-32% құрайды.
"Сыбаға" бағдарламасы бойынша 430 бас ірі қара малын өсіру жоспарланған. Бұл әзірге бізде қарқынды дамымай отыр. Келер жылы осы бағытқа көңіл аударуды мақсат еттік.
– Жітіқара қаласында қаңырап, құр қаңқасы қал-ған сегіз тұрғын үй ғимаратын қайтпексіздер?

Қостанай минералдары АҚ-ның өнім сақтайтын қоймасы
– Ал, "индустриалды аймақ" жобасы туралы не айтпақсыз?
– Тұңғыш рет өңірімізде үлкен инвестициялық жоба қолға алынғалы жатыр. Жітіқара жерінде құны 350 млн. теңгенің өндірістік аймағы ашылмақ. Қазір соған қызу дайындық үстіндеміз. Аумағы 58 гектарды алатын бұл аумаққа кем дегенде, 10 шақты бизнес ошағы құрылып, тауар өндіріп, халықтың игілігі үшін жұмыс істейді. Қазір соған кейбір кәсіпкерлер өз жобаларын тапсыруда. Ең алдымен, біз сол кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымды дамытуымыз керек.
– Алдағы игілікті істеріңізге сәттілік тілейміз!
Нұрболат МЕШІТБАЕВ