Уақыт талабынан шыққан

Денисов ауданында ертең  "Қостанай таңының" күндері басталады
Ерлан жаманов,
Денисов ауданының әкімі:
"Ауданда ауыз су мәселесі шешілді!"
акимЕлбасымыздың  тапсырмасымен қолға алынған "Ақ бұлақ" бағдарламасы ауданымыздағы ауыз су мәселесін шешуге себепкер болды. Бағдарлама аясында ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, тіршілік нәрін  әр шаңыраққа енгізудің түрлі амалдары қарастырылды. Табиғи ресурстарымызды тиімді пайдалану мақсатында жер асты суларының қорлары анықталып, үш жылға шақталған құрылыс-жобалау құжаттары жасалды. Осы бағытта ауқымды істер атқарылды.
Үстіміздегі жылдың өзінде ғана ауыз судың үш нысаны іске қосылды. Нақты тоқталар болсақ, ауданымыздағы Аятское және Заятское ауылдарындағы су құбырлары жөндеуден өткізілді. Осы мақсатта, 2013 жылы 136,6 млн. теңге жұмсалса, үстіміздегі жылы нысанға бөлінген қаржы 388,9 млн. теңгеге жеткізілді. Осы уақытқа дейін қаржының 233,5 млн. теңгесі игерілді. Қаржыға су сорғыш нысаны тұрғызылды. Сонымен қатар, екі құдық қазылды. 2,4 шақырымдық су құбыры салынды.
Дәл осындай жұмыстардың Крымское ауылында да жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.  Былтырғы жылы жасалған құрылыс жобалау құжаттарына сай ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама 2014-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Осы мақсатта, 567,9 млн. теңге бөлінді.  Биылғы жылы қаржының 109 млн. теңгесі игерілді. Келер жылдың күзіне дейін мердігер компания ауылға құбыр тартып, сусорғыш станция-сын тұрғызуы тиіс. Жұмыс жақсы қарқында жүргізілуде. Ауылға су тарту барысында Озерное ауы-лын да қамтып өту жоспар ланған. Ал, Некрасов ауылына тіршілік нәрін өткізу үшін 20 млн. теңге бөлінді. Қаржы құрылыс жобалау құжаттарын әзірлеуге жұмсалады.
Өңірдің өнеркәсіп саласына тоқталар болсақ, осы уақытқа дейін жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің күшімен  2257,7 млн. теңгенің өнімі алынды. Әсіресе, ауылшаруашылық саласында ауқымды істер тындырылды. Осы бағыттағы жоспарды 106 пайызға артық орындалып, еттің –  5019,2, сүттің – 16716,2 тоннасы,  жұмырт-қаның – 9824,5 мың данасы өндірілді. Ауданымыздың инвестициялық әлеуеті де жоғары. Салым мөлшері 8,2 пайызға жоғарылап, 1652 млн. теңгеге жеткізілді. Ерекше тоқталарлығы – қаржы сырттан емес, жергілікті кәсіпкерлердің қалтасынан шығарылуда. Яғни, олар өз өңірінің өркендеуіне ынталы. Мәселен, ауданымыздағы 529 шағын бизнес ошағында 819 адам жұмыс істейді. Бизнес өкілдерінің басым бөлігі  ауылшаруашылығымен айналысады.
Баспана мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Аудан көлеміндегі тұрғын үй құрылысына 10 млн. теңгеден астам қаржы құйылған. Нәтижесінде, 527 шаршы метр баспана қолданысқа енгізілді. Көрсеткіштің былтырғы жылмен салыстырғанда 112 пайызға асырыла орындалғанын  айта кеткен жөн. Түрлі бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асыру барысында, жыл басынан бері 260 жаңа жұмыс орыны пайда болды. Жұмыспен қамту орталықтарының күшімен 48 адам екі қолға бір күрек алу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы жұмыссыздық 0,3 пайыз деңгейінде. Аудандағы орташа жалақы 62 мың теңгеден асып жығылады. Өзге аудандармен салыстырғанда, мұның жоғары көрсеткіш екенін айта кеткен абзал.
Күнжан ӘБЕУ,  Жұматай КӘКІМЖАНОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓