ЭКСПО – 2017: ұлттық жобаға қостанайлық үлес

э-2Күн өткен сайын елімізде "Астана ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындық қарқын ала түсуде. Еліміздің түкпір -түкпірінде осы айтулы көрмеге тарту-таралғылар әзірленіп, нақты іс-шаралар жүргізілуде. Оның себебі де түсінікті. Бұл аса ауқымды, деңгейі биік шара. Енді сол он жетінші жылы отанымызға төрткүл дүниенің көрмесін тамашалауға 2 миллиондай адам келмек.  Көз алдыңызға елестете беріңіз, сол екі миллион кісіңіз, қазақ топырағына табаны тиіп, қазақ ауасын жұтып,  суын ішіп, ұлан-ғайыр дала келбетіне қызыға  қарап, өзара  дидарласып, жүздеседі. Әлемдегі 161 тәуелсіз мемлекет мүшелік ететін халықаралық көрмелер бюросында  Қазақ  елінің әлеуеті мен арынын, қарымы мен дарынын сарапқа салып, ақыр соңында мойындап тынды.
"Болашақтың қуаты" – қай елде "жасыл экономика" болса, сол елде  озық технология бар.  Ал, озық жаңа технологияларсыз енді даму мүмкін емес. Сондықтан осы мақсатта "Жасыл экономика" жетістіктерін паш ететін жаһандық осы көрмеге арнап Астана қасынан арнайы қалашық бой түземек.
"Біздің елордамызда ғылым мен техниканың барлық ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылады. Біздің өз халқымыз, көптеген қазақстандықтар болашақтың экономикасын өз көздерімен көруге мүмкіндік алады".
Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО – 2017-ні "мега-жоба" деп жариялады. "Одан барлық өңіріміз пайда табады, – деді мемлекет басшысы, – Бұл еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді".
Біз Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақа-совпен облыстың экономикалық-әлеуметтік даму барысы туралы  сұхбаттасқанда осы "ЭКСПО – 2017" көрмесіне қостанайлықтардың үлесі қаншалықты екеніне арнайы тоқтала сұрағанымызда,  өңір басшысы былай деді:
– Бұл аса маңызды шараға біз жан-жақты дайындық жүргізіп, айрықша мән берілуде. Атап айтсақ, жаңа құрыш арматурасын жасайтын ("Евраз Каспиан Сталь" ЖШС) зауытының іске қосылғанын білесіздер.  Жобаның жалпы құны $131 млн. болды. Өндірістік зауыт жылына 450 мың тонна өнім  шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының ішкі нарығын өніммен қамтамасыз ету және Ресей мен Орталық Азия елдеріне тауар экспорттау. Осы ретте Астанадағы "ЭКСПО – 2017" көрмесімен келісім-шартқа отырып,  қазір Қостанайдан шығып жатқан арматуралар құрылыс алаңдарына тасыла бастады.
Көлік құрастыруда 4 жылдан бері Қостанай машина зауыты Оңтүстік Кореяның "SsangYong" көлігін құрастырып, тәжірибе жинады. Кейін француз, итальян кәсіпорындарымен байланыс орнатты. Жергілікті жұмысшылар бүгінде кез келген көлік түрін жинай алады. 2018 жылға қарай кәсіпорын жылына 50 мың дана көлік шығаруға мүмкіндігі бар. Осы көліктер де айтулы көрмеде қызмет атқаратын болады. Бүгінде кәсіпорын шығарып жатқан кореялық э-3"SsangYong" машинасы Евро-4 стандартына сәйкестендіріліп қойылған, ал оның дизельді қозғалтқышы тіпті Евро-5 талаптарына жауап береді. Сондай-ақ компанияның барлық ZAZ маркалы көлік үлгілеріне Евро-4 стандарттын енгізу жұмыстары биыл аяқталып,барлық көлік түрлері экологиялық стандартқа сай.
Тағы бір атап айтатынымыз, Қостанай    отанымыздың солтүстігінің транзиттік жолындағы (Алматы-Астана – Екатеринбург-Москва) облыс. Жүктерді тасып, жеткізіп беруге өте қолайлы, сапалы қызмет көрсетуге болады. Сондықтан да Логистикалық орталық ашу көзделіп отыр. Алдымен Қостанайдағы әуежай аумағындағы индустриялық аймақта,  содан соң Федоров, Қарабалық  бағытындағы тасжолдың бойынан салуға жұмыс жо-балап жатырмыз.  Оның пайдасы зор. Өйткені, Астана-дан – Мәскеуге, Мәскеуден – Астанаға  тасымалданатын жүк ағымы негізінен біздің өңір арқылы өтеді. Көрмеге жеткізілетін тауар мен жүктердің тасқынын көзге елес-тете беріңіз. Ендеше Қостанай бұл орайда күретамыр іспетті.
Ал, енді "ЭКСПО – 2017" бағдарламасына қараса-ңыз, мысалы жылу энергиясын үнемдеу турасындағы  технологиялық ұсыныс-жобалар біздің облысымызға  өте-мөте керек әрі тиімді.  Мысалы, оңтүстікте қыс небәрі екі-үш айға созылады. Бізде  болса  6-7 ай,  күннің райы -30-35о.  Сондықтан да  біздің өңірдегі жылу-энергети-калық шығын шаш етектен. Неғұрлым  үнемді,  озық технологиялар біз үшін ауадай керек.  Егер біздің кәсіп-орындар  үнемді технологияны қолданатын болса, онда шығаратын қыруар өнімдердің өзіндік құны да арзан болар еді.
Біздің облыста жалақы неге төмен? Себебі, өнім өндіруге кететін шығын көп. Бізде газдың бағасы қымбат, электр энергиясы, жанар-жағармай да  басқа облыстар-мен салыстырғанда біршама көп. Бірдей өнім шыға-ратын оңтүстіктегі кәсіпорынның тауарының өзіндік құнынан біздікі 20-25% қымбат. Көрмедегі мақсатымыз, біз тиімді технологияны өзімізге алып, енгізу.
э-4Климатқа байланысты Қазақстанда 3 зона бар. Соның бірі біз: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары. Айталық, газ Солтүстік Қазақстан, Ақмолада жоқ. Олар көмірді тұтынады. Баға арзан. Біз газбен жылытамыз, өркениет белгісі дерсіз, бірақ газ қымбат, –  деді, облыс басшысы.
Бүгінде облыстың барлық қалалары мен ауданда-рында бәсекеге төтеп беретін, көрменің барлық талап-тарына сай ұсыныс-жобалар туралы ізденіс, ұмтылыс шаралары жандана бастады. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіп-керлік корпорациясы "Kostanai EXPO – 2014" аймақтық байқау жариялап, қорытындысы қараша айында "Болашақ энергиясы" жобаларының көрмесіне жалғасатын болады.
Байқаудың жүлде қоры – 1,5 млн. теңге, мақсат –"ЭКСПО – 2017" көрмесінің имиджін көтеру. Сол сияқты халықтың "жасыл" технологияларды пайдалану, жаңа идеялар мен жобаларды жасаудағы ғылыми-интелек-туалдық  әлеуетін арттыру. Байқаудың нәтижесінде  ең үздік жобалар сұрыпталып, ЭКСПО – 2017-ге қатысуға ұсынылмақ. Колледждер мен мектеп оқушыларының үздік инновациялық идеялары мен жобалары, үздік ғылыми-техникалық  өңдеу және үздік бизнес жобалар да айрықша назарда болмақ.
Астанада "Болашақ қуаты" ұранымен өтетін ЭКСПО – 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастық-тардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастық-тардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқын-дайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.
ЭКСПО – 2017 көрмесінен 280 млн. еуро табыс табуымыз тиіс, Бұл біздің демеушілерден және коммерциялық қызметтерден келіп түсетін ақша", – дейді Талғат Ермегияев. ("Астана ЭКСПО – 2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы)
ЭКСПО – 2017 көрмесі 3 ай бойы, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 100-ден астам мемлекет пен онға жуық халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласының компания-лары қатысатын болады.
 
"Астана  ЭКСПО – 2017": деректер мен дәйектер
ЭКСПО – ағылшынша экспозиция (exposition) сөзінің түбірі. Көрме, жәрмеңке деген мағынаны білдіреді.
2014 жылдың 11 маусымында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы болып өтті. Онда ЭКСПО-2017 ресми түрде танылып, ХКБ-ның байрағы салтанатты жағдайда табыс етілді.
"Астана ЭКСПО – 2017" көрмесі көрме және көрмеден тыс аймақтармен бөлінеді.
 
Көрме аймағы:
1. Қазақстан павильоны (көрмелік платформамен бірге)
2. Энергия холлы
3. Ұлттық күн павильоны
4. Өнер орталығы
5. Жабық сауда орталығы
6. Көрме аймағының ішіндегі сауда және қызмет көрсету дүңгіршектері
7. Халықаралық павильондар
8. Сауда және қызмет көрсету ғимараттары
9. "Өмірге арналған энергия" тақырыптық павильоны
10. "Баршаға арналған энергия" тақырыптық павильоны
11. Сауда аймағы (коммерциялық павильон)
12. Корпоративті павильон
 
Көрмеден тыс аймақ:
1. Баспасөз орталығы мен ЭКСПО кеңсесі болатын Конгресс-орталық
2. Мейманхана
3. Ұйымдастырушының кеңсесі (қызмет көрсету ғимараттары, полиция бөлімшесі, өрт сөндіру қызметі)
4. Қойылымдар мен салтанатты шерулер жасауға дайындық ғимараты
5. Қойма бөлмесі
6. Жер асты көлік тұрағы
Көрме кешені мен нысандар бойынша барлық жұмыстардың құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.
Жанұзақ
   Аязбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓