Абаттандырылған аудан орталығы


Жергілікті билік өкілдері аудан орталығын спорт алаңына айналдыруды мықтап қолға алған сыңайлы. Олай дейтініміз, жақында бұл арада теннис кортын ашу жоспарланған.
Осы мақсатта, жергілікті бюджеттен 3 млн.теңге қарастырылыпты. Спорт нысаны осы айдың аяғында қолданысқа енгізілмек.

Бұдан өзге ауданның орталық саябағы да жаңартудан өткізіледі. Жергілікті кәсіпкермен жасалған меморандум негізінде ашық алаңды абаттандыруға 4,2 млн.теңге жұмсалатын болыпты. Денисовтықтар жаңа бақта қазан айының аяғында демалатын болады. Сонымен қатар, аудан орталығындағы бес көшені жарықтандыру жоспарланыпты. Нақты тоқталар болсақ, "ЭПК Форфайт" ЖШС Пушкин, Комсомол, Целинная, Набережная және Некрасов көшелеріне шам орнатпақ ниетте. Осы мақсатқа бюджеттен 9,238,5 мың теңге бөлінді.