Колледждегі құрылыс қарқыны қалай?
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай автомобиль көлігі колледжіне барып, жатақхананың құрылысымен танысты.
Биылғы жылдың маусым айында 144, 5 млн.теңге сомасына колледжің ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Жоспарға сай қазан айында аяқталмақшы. Колледжде Жұмыспен қамту жол картасы аясында 500 орындық жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Аяқталу мерзімі 2021 жылғы маусым. Бұл жобаның құны 1,3 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жертөленің құрылысы аяқталып, 1-қабаттың қабырғаларын салу басталған. Облыс басшысы жұмысты жандандырып, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Облыс аумағында «КАМАЗ» ЖАҚ болашақ зауыттарының қажеттілігі үшін ТжКБ мамандықтары бойынша кадрлар даярлау мақсатында, машина жасау саласының 6 мамандығына қажеттілік анықталып отыр. Осыған байланысты оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Жабдықтар сатып алуға, зертханалар мен шеберханалар ашуға барлығы 795 млн.теңге бөлініпті. Бөлінген қаражат аясында 3 зертхана, 2 шеберхана, 5 арнайы пәндер кабинетін құру жоспарланып отыр. «Жас маман» жобасы аясында жабдықтармен жабдықтауға 320 млн.теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта колледж және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, сондай-ақ «АгромашХолдинг» АҚ арасында осы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында жаңа мамандықтар бойынша студенттердің өндірістік оқуын және кәсіптік практикасын өткізу туралы шарттарға қол қойылды.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ