БІЗДЕН ДЕ БІРЕР СӨЗ
Болат Смадияров,
Денисов ауданы әкімінің орынбасары:
Спорт тақырыбы кеңірек қамтылса дейміз

Инна Егер,
Аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:
Уақыт талабына сай

Мемлекетімізде тілдерді оқыту мәселесін шешу мақсатында тілдерді оқыту орталықтары ашылуда. Бірақ барлық жауаптылықты мемлекетке жүктеуге болмайды деп ойлаймын. Әр адамның өз ынтасы болуы қажет.
Мемлекеттік тіліміз – қазақ тіліне тоқталып кетсек, менің ойымша, Қазақстанда тұрып қазақ тілін білмеген өте қолайсыз. Мен Қазақстаннан басқа елде тұрмайтынымды мектепте оқып жүрген жасымда саналы түрде түсіп, анық қажеттілік ретінде қабылдадым. Тіл үйрену мен үшін ешқандай қиындық туғызбады, өзімді мектепте оқытқан мұғалімдерге мың да бір алғысымды айтамын.
Мен өзіме қатал сын көзімен қараймын. Өз тілімді одан әрі жетілдіруге қажет деп ойлаймын. Қазақ тілінде жарық көретін БАҚ-тан қажетті ақпаратты білуге тырысамын. Аудан деңгейінде өткізілетін іс-шараларына қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізуші болып жүрмін. Екі жыл бұрын "Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте" атты аудандық байқауға қатысып, бірінші орынға ие болдым. Өткен жылы "Абай оқулары" атты облыс-тық байқауына қатыстым. Бұл мен үшін өте маңызды және үлкен жетістік. "Қостанай таңы" – менің үлкен көмекшім.