Облыс әкімі еңбек ардагерлерін құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі еңбек ардагерлері Нина Искакова мен Нұрбике Жанбосынованы құттықтады.
Нина Степановна Искакова 103 жаста. Ол әртүрлі ұйымдарда жұмыс істеген. 22 жыл ауыл шаруашылығында еңбек етті. 
«Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Нұрбике Аңсағанқызы Жанбосынова 1 қаңтар күні 101 жасқа толды. Тыл ардагері. Соғыстан кейінгі кезеңде Науырзым ауданында сауыншы болып жұмыс істеген. Мерейтойлық төсбелгілермен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
"Нина Искакова мен Нұрбике Жанбосынова – балаларын еңбекке, ата-бабаларының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеген тамаша аналар, әжелер. Олар – әйелдік күш пен даналықтың, шыдамдылық пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің бейнесі. Осы мереке күні сіздерге, сіздердің туған-туыстарыңызға зор денсаулық, жемісті еңбек және амандық тілеймін. Осы тамаша мереке сіздердің жүректеріңізді жылулық пен жарыққа толтырып, махаббат, қуаныш пен гүлденуді сыйласын", – деп жазды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов инстаграм парақшасында.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓