Мемлекет басшысының құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«XXI ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, аруларымызға тән ғажайып үйлесім, айырықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер.
Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге зол денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!», – деді Президент.