Суши бардан уланғандар саны артты

Соңғы деректер бойынша "Ветка сакуры" суши барына барып, таңсық ас жеген жандардың қатары көбейді. Осыған дейін 13 адам астан уланды деп келген едік. Кешенді тексеру кезінде тамақтану орнында  ас ішкен 26 адамның сальмонеллез дертіне  шалдыққаны  белгілі  болды. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Бәйменова жеткізді.
Сәуле Бәйменованың мәлімдеуінше, жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану орнын тексеру барысында ыдыс жуған шайындының бірінде және тағам дайындайтын аспаздан алынған сынамалардан сальмонеллез ауруының қоздырғыш таяқшалары табылған. Осы дәмханада тамақтанып, ауру жұқтырған 26 адамның 16-сы ауруханада емделсе, қалғандары үйлерінде жатып ем қабылдапты. Жоғарыда аталған департамент қызметкерлері осынау дәмхананы жоспардан тыс тексеруге адамдар жаппай уланған күннен бір апта өткен соң кірісіпті. Оларға бұған дейін ҚР тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігі мен ҚР Бас прокуратураның рұқсат құжаттарын күтуге тура келген.
Шұға                                
     ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓