ИМПОРТТЫҚ өнімдерге шектеу ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстанда кейбір импорттық өнімдерді сатуға уақытша шектеу қойылды. Себебі, олардың құрамынан зиянды қоспалар табылған және тауардың жапсырмаларындағы ақпараттар талапқа сай келмейді. Бұл туралы Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде өткен баспасөз-конференцияда айтылды.
Он бірінші мамырда еліміздің бас санитар дәрігерінің сырттан тасымалданатын бес түрлі импорттық өнімді жеткізуге және сатуға шектеу қоюға қатысты қаулысы шықты. Атап айт-қанда, Перуден келетін жүзімнің құрамында зиянкес жәндіктерді жою үшін пайдаланылатын химиялық препарат көп екені анықталды. Австралиялық сиыр еті жеуге жарамсыз деп танылды. Өнім құрамынан ірі қара малдың бұлшық етін өсіруге пайдаланатын "тренболон ацетат" препараты табылған. Мұндай химиялық қоспаны аузына алған адамның қан қысымы жоғарылап, ұйқысыздыққа душар болып, тіпті шашы түсіп қалады. Сондай-ақ, Адыгей республикасында жасалған "Чечил" ірімшігіне, "Мясной двор" сиыр бауырынан жасалған паштетке де тыйым салынып отыр. Онда доңыз етінің ДНК-сы бар. Өндірушілер сиыр етінің бауырының орнына доңыз етін пайдаланып, оны мұқабасына жазбаған. Ресейден келетін алкогольді сусындардың сыртында 18 жастан бастап спирттік өнімдерді сатып алуға болады деп жазылған. Ал Қазақстанда 21 жастан бастап бері-леді. Аталған тауардың мұқабасында мемлекеттік тілдегі ақпарат мүлдем жоқ. Алдағы бірінші маусымнан бастап Италия, Франция, Шотландия, Ресей мен Беларусьтан келетін алкогольді сусындарға да шектеу қойылатын болады.
– Қазіргі уақытта талапқа сай келмейтін тауар түрлері туралы көпшілікті ақпараттандыру жұмысына кірістік. Өңіріміздегі қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлерді хабардар ету үшін облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінудеміз, – деді Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Владимир Нечитайло.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓