Браконьерлер ұсталды
2021 жылдың ақпан айының соңында Амангелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау фактісін анықтады.Тергеу барысында жергілікті ЖШС-нің қызметкері және оның 41 жастағы танысы Обалы елді мекенінде Бірәлі қыстауынан 32 шақырым жерде аң аулауға шығып, екі жабайы қабанды атып өлтіргені анықталды.Аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері жабайы қабандардың қалдығын (ет және тері), 12 калибрлі "ИЖ-43" маркалы екі ұңғылы мылтықты тауып алып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазиннің айтуынша, полиция қызметкерлері жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 131 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның ішінде 68-і аң аулау ережелерін бұзған және 63-і заңсыз балық аулаған.
Жалпы, табиғат қорғау заңнамасының ережелерін бұзғаны үшін 2 млн теңгеге жуық (1 837 710 теңге) айыппұл салынды.
Экологиялық қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді.