Қылмыскерге іздеу салынады

Қостанай полицейлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Михаил Хомяковқа іздеу жариялады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. кылмыс
"Қостанай қаласының оңтүстік полиция бөлімі аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен М.Хомяковқа іздеу салады. Ол – 1984 жылы 15 сәуірде туған үй-жайсыз азамат",-делінеді хабарламада.
Үстінде қара түсті күртке, қара жемпір, қара шалбар, аяғында қара туфли болған. 
Белгілері: бойы – 170-175 см, орта бойлы, сақал-мұрты болуы мүмкін.
Қандай да бір ақпараты бар адамдарға тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (7142) 52-68-61, 52-68-81, кезекші бөлім нөмірі 52-68-50. Ақпарат берушінің аты жасырын қалады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓